2026 жылғы 7 айдағы өзге экономика бойынша Республикалық бюджетке салық төлемдерінің түсуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Өзге экономика” кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.

Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылдың 7 айында салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 78,3 млрд.теңге түсті.

Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,3% – ды құрайды.

БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:

– БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 44,4%;

– БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 15,5%;

– БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 13,2%;

– БСК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС»  түсімдер үлесі 10,4%.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1283128?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді