
28 тамыз күні Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті. Жиынға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Сонымен қатар, Өмірзақ ауылының бюджетіне қатысты өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қаралып, шешімдер қабылданды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
Жиын барысында қала әкімі Әбілқайыр Байпақов елдегі маңызды қоғамдық-саяси өзгерістерге де тоқталды. Атап айтқанда, бүгін Астана қаласында өткен Құрылтайдың алғашқы сессиясы туралы айтып, оның елдің қоғамдық өміріндегі маңызына назар аударды.
Президентіміз айтқандай, бұл – тарихи кезең. Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр. Қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, бөлінген қаражатты қажетті бағыттарға дұрыс бөлу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік саланы дамытуға және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асыру – ортақ міндетіміз, – дедi қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер мұқият қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1282521?lang=ru

Жауап қалдыру