Астанада «Үздік педагог-2026» байқауына құжат қабылдау басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 қыркүйекте Астанада «Үздік педагог-2026» республикалық байқауының қалалық кезеңі басталады. Байқауға кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар елордалық ұстаздар қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсқа құжаттар 14-16 қыркүйек аралығында қабылданады.

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы педагогтері қатыса алады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады.

Конкурс аясында педагогтың білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Конкурстың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңінің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.

«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүктей алады (аталған сілтеме 14 қыркүйектен бастап ашылады).

Ал 17-21 қыркүйек аралығында қалалық комиссия мүшелері педагогтердің материалдарын қарастырып, конкурстың қорытындысын шығарады.

Ең жоғары балл жинаған 10 педагог қалалық кезеңнің жеңімпазы деп танылып, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1283105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді