Би апа театры өзінің 51-ші театр маусымын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклімен салтанатты түрде ашады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көрермендерге қазақ эпосының асыл інжу-маржаны және мәңгілік махаббат туралы аңызға айналған дастан – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясы ұсынылады. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы-суретші – Ерлан Тұяқов. Композиторы – Гүлнұр Нұрасыл, музыкалық безендіру – Арнай Азанбаев, аранжировкашы – Медет Есбергенов, балетмейстер – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Салтанат Сұңғат, сахналық ұрыс қоюшысы – Ернар Мекебаев.

Түркі әлемінің ортақ рухани мұрасы болып табылатын бұл туынды театрдың іргесі қаланған кезеңде-ақ көрермен назарына алғаш рет ұсынылған еді. Міне, енді уақыт пен кеңістік сынынан абыроймен өткен Қозы мен Баянның тағдырлы махаббат хикаясы қазіргі ұрпаққа өз дастанын қайта баяндайды.

Махаббат пен адалдықтың символына айналған қойылымда сезім шынайылығы, шынайы достық, берілгендік, сондай-ақ қатыгездік пен зұлымдық секілді адамдық қасиеттер терең бейнеленген. Туындының идеялық өзегі – сол дәуір жастарының өз махаббатына адалдық арқылы бақытқа жету арманы мен ұмтылысы.

Ұлттық рух пен эпикалық драматургия үйлесімін сақтай отырып, классикалық туынды қазіргі көрерменмен рухани сабақтастық орнатып, жаңа қырынан ашылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1282910?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді