
Павлодар облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының мамандары күн сайын түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғалар орнына барып, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Тек өткен аптада АМО бригадалары 14 шақырту бойынша жұмыс істеп, 6 зардап шеккен адамға көмек көрсетті.
Мәселен, 27 тамызда «103» қызметінің диспетчерінен Қызылорда – Павлодар автожолының 1338-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету бригадасы дереу жіберілді.
Мамандар төрт зардап шеккен адамды қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен.
Ер адам мен әйел адам ауруханаға жатудан бас тартты. Ал 9 және 11 жастағы екі кәмелетке толмаған бала эвакуацияланып, Павлодар қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды.
Павлодар облысының ТЖД жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолда барынша мұқият болу қажеттігін еске салады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1283156?lang=ru

Жауап қалдыру