Бурабай ауданында «Бизнестен 100 игі іс» акциясын іске асыру жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурабай ауданы әкімдігінің алаңында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Бизнестен 100 игі іс» акциясын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Бурабай ауданы прокурорының міндетін атқарушы, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақмола облысы бойынша Бурабай ауданы филиалының директоры, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып жүрген кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында бизнестің нақты бастамалары атап өтілді:

 «БайтерекТрубПром» ЖШС Қатаркөл ауылындағы спорт залға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтады. 1969 жылы салынған ғимаратты жөндеуге кәсіпорын тарапынан 85 млн теңге бағытталды. Жөндеу жұмыстары барысында жапсарлас құрылысты қайта жаңғырту, қасбетті, қабырғалар мен төбені және еденді жөндеу, су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу, сантехникалық жабдықтарды орнату және спорттық таңбалау жұмыстары жүргізілді.

«Arip Farm» ЖШС «Мектепке жол» акциясы аясында Атамекен ауылдық округіндегі мектеп оқушыларына 21 мектеп сөмкесін алып беріп, 2 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Сонымен қатар компания Шиелі ауылының дамуына қолдау көрсетіп келеді. «Arip Farm» ЖШС-нің қолдауымен жаңа балалар ойын алаңы салынып, жергілікті тұрғындардың пайдалануына берілді. Қазіргі уақытта кәсіпорын ауылдық клубты қайта жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруда. Бүгінгі таңда бұл жұмыстарға 15 млн теңге бөлінді, ал алдағы уақытта тағы 50 млн теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда.

«RS Group Burabai» ЖШС қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша жобаларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, Рабочая көшесіндегі сквер мен Ғашықтар аллеясын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Орындалған жұмыстардың жалпы құны 30 млн теңгені құрады.

Мұндай бастамалар бизнестің аумақты дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға деген жауапкершілігінің нақты үлгісі болып табылады.

«Бизнестен 100 игі іс» акциясы жалғасуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бір реттік көмекпен шектелмей, кәсіпкерлер, мемлекет және жергілікті қоғамдастық арасындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылдың бір бөлігіне айналуы маңызды.

Бурабай ауданының кәсіпкерлеріне белсенді азаматтық ұстанымы, әлеуметтік бастамаларды қолдауы және ауданымыздың дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282932?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді