Депутаттар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Қалалық мәслихат депутаттары жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындық барысын пысықтау мақсатында білім беру ұйымдарына, яғни № 1, № 2 мектептер, «Достық» балалар мен жасөспірімдер орталығына  барды. Мектептердің стадиондары, материалдық-техникалық жағдайлары, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, санитарлық жағдайы және білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері толықтай қаралды.

Мектептердің 1 қабаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. №1 мектепте биология және химия пәні кабинеттеріне толық заманауи жабдықтар алынып, жаңартылған. № 2 мектептін бірінші қабатының полы ауыстырылған. Дегенмен де № 2 мектептің стадионын әбден тозығы жетіп ескірген, оны толық жөндеуден өткізу үшін қаражат қажеттілігі туындаған. «Достық» орталығының үлкен залына кондиционер мен үш желдеткіш орнатылған. Бассейн жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Биылғы жаңа оқу жылында № 1 мектепте жалпы саны -951 оқушы, оның ішінде 1 –ші сыныпқа 77 бала, № 2 мектепте жалпы оқушы саны 1095, оның ішінде 1-ші сыныпқа -99 бала барады. №1 мектептің кітапханасының кітап қорына  жаңадан – 1100 кітап алынса, № 2 мектептің қорына жаңадан –3571 кітап алынған. Екі мектептің де асханаларына жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Жаңа оқу жылында 1-4 сыныптардан  -768 бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Жыл сайынғы Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектептерден 66 балаға, ал мекемелерден 33 балаға қаржылай көмек көрсетілген.

Депутаттар мектеп ұжымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарына оң бағасын беріп, білім беру сапасын арттыру, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1283240?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді