
Ескелді ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
28 тамыз 2026 жылы Ескелді ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан прокуратурасының, Жетісу облысы бойынша Адам құқықтары және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, пробация қызметі, Мансап және Отбасын қолдау орталықтары, адвокат, жеке сот орындаушысы, «Отбасы банк» және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты.
Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына тікелей жүгініп, құқықтық кеңестер мен қажетті түсіндірмелер алды.
«Құқықтық дәріхана» акциясының басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында ашық әрі тиімді диалог орнату.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың маңызды кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1283028?lang=ru

Жауап қалдыру