
Халықаралық жастар күніне орай
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңір жастарымен кездесті. Осы шараға «Еркіндік рухы» жастар қанатының өкілдері де қатысты.
Кездесуді еркін форматта өткізіп, Нұрымбет Аманұлы жастардың өздерін тыңдауға басымдық бердік. Олар спорт, волонтерлік, экология, мәдениет, кәсіпкерлік, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы жобалары туралы айтып, өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуге спортшылар, жас кәсіпкерлер, волонтерлер, шығармашылық сала өкілдері және жастар ұйымдарының мүшелері – барлығы 30-ға жуық жас қатысты.
Айтылған ұсыныстардың бірқатары бойынша жауапты басқармаларға тапсырмалар берілді. Жастардың бастамалары нақты қолдау тауып, өз жалғасын табуы маңызды.
Кездесу соңында жастарға Абайдың кітаптарын сыйға тартты!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1282529?lang=ru

Жауап қалдыру