
Кеншоқы ауылында жаңа 2026-2027 оқу
жылына дайындық барысында дәстүрлі
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында игі шара ұйымдастырылды.
Осыған орай, «Алмалы» кен орнының
демеушілігімен Кеншоқы ауылындағы Нұра жалпы білім беретін мектебінің даярлық
сыныбы мен 1-4 сынып оқушыларына
мектепке қажетті сөмкелер және кеңсе
тауарлары табысталды.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп сөмкелері мен қажетті канцелярлық құралдар берілді.
Балалардын сапалы білім алып, өз армандарына жетуі – баршамызға ортақ, міндет. Жаңа оқу жылы әр оқушы үшін сәтті басталып, білім жолындағы жаңа жетістіктерге толы болсын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kenshoki/press/news/details/1282638?lang=ru

Жауап қалдыру