
Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормалары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.Іс-шараны Әдеп жөніндегі уәкіл К.Базарбаев өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерін адал, сапалы және жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынас жасау мәдениеті, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мінез-құлқы мен жоғары моральдық-адамгершілік қағидаттарды ұстануы мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қызметтік әдеп талаптарын сақтау бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1283250?lang=ru

Жауап қалдыру