Мониторингтік топпен жүргізілген рейд.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       2026 жылдың 28 тамызында Жезқазған қаласының 4-шағын  ауданында  мониторингтік  топпен рейд жүргізілді. Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттарынан, Қоғамдық кеңестің мүшелерінен құрылған  мониторингтік  топтың негізгі мақсаты- шағын ауданның абаттандыру жұмыстарының  барысын бақылау, соның ішінде қураған ағаштарды кесу және  қоқыс контейнерлерінің жағдайын тексеру.

Рейд барысында  бірқатар проблемалық  мәселелер анықталды.

Атап айтқанда:

1.Жеңіс көшесі 11 үйдің қоқыс маңындағы  контейнерлеріне қоршау орнату қажеттілігі;

2.Жеңіс көшесі 7 үйдің қабырғаларындағы жарықтарға  байланысты техникалық зерттеу жүргізу қажеттілігі;

3.Деев көшесі, 13 -үй ауласындағы қураған ағаштарды кесу

4.Тұрғындар Жеңіс 17 үйдің алдына спорт алаңын салуды ұсынды.

 Анықталған мәселелер жауапты  бөлімдер мен  мердігер  ұйымдардың назарына жеткізіліп, тиісті  жұмыстарды  жүргізу бойынша  тапсырмалар берілді.

 Мониторингтік топ  абаттандыру және  инфрақұрылым  мәселелерінің  шешілу барысын бақылауды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/press/news/details/1282777?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді