«Нашақорлық – қоғам дерті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылащы ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ««Нашақорлық – қоғам дерті»» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, Аналар кеңесінің мүшелері және  округ қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында нашақорлықтың адам денсаулығына және қоғамға тигізетін кері әсері, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, отбасы мен қоғамның нашақорлықтың алдын алудағы рөлі жөнінде ой бөлісті.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану, отбасылық құндылықтарды сақтау және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды бірлесіп жүргізуге шақырды.

 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1282536?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді