ОҢТҮСТІКТІҢ ЫРЫСЫ – АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА: АЛМАТЫДА ТҮРКІСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда Түркістан облысының еңбекқор диқандары мен шаруаларының қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі өтті. Шаһар тұрғындары мен қонақтары оңтүстік өңірден тікелей жеткізілген табиғи, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерді тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде:
Ет және сүт өнімдері: 23 тонна жылқы еті, 21,5 тонна қой еті, 20 тонна сиыр еті, 5 тонна түйе еті, 15 тонна шұжық өнімдері;
Көкөніс пен бақша дақылдары: 24 тоннадан қызанақ пен қияр, 23 тонна қарбыз, 26,5 тонна пияз, 23,5 тонна сәбіз, 22 тонна болгар бұрышы, 21 тонна баклажан және өзге де жеміс-жидектер.

Игі шараның басты мақсаты – арадағы алыпсатарларды шектеп, шаруаларға өз өнімдерін тікелей сатуға жағдай жасау, сондай-ақ мегаполис тұрғындарын арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Бұл бастама өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты арттырып, отандық өндірушілерге жаңа өткізу нарықтарын ашуға және қала бағасын тұрақтандыруға зор серпін берді.

Айта кету керек, Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден көшбасшы өңірлердің бірі. Жыл басынан бері облыстың агроөнеркәсіп кешені 450 миллиард теңгеден астам өнім өндірген. Алматыдағы бұл жәрмеңке де оңтүстіктің мол әлеуетін көрсететін кезекті ауқымды шараның бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1282803?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді