Профилактика саналы таңдаудан басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласындағы №71 мекемеде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп, нарколог дәрігердің қатысуымен сотталғандар арасында профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында есірткіні тұтыну мен оның заңсыз айналымының құқықтық және әлеуметтік салдарына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріліп, зиянды әдеттерден бас тарту мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік және есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.

«Ашық микрофон» форматындағы пікір алмасу қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сотталғандар полиция қызметкерлері мен нарколог дәрігерге өздерін толғандырған сұрақтарын еркін қойып, білікті жауаптар алды.

Мұндай кездесулер құқықтық және есірткіге қарсы сауаттылықты арттырумен қатар, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әлеуметтік бейімделуге және сотталғандарды қоғамдағы қалыпты өмірге қайта оралуға дайындауға бағытталған.

Есірткінің алдын алу — ең алдымен қауіптің алдын орау, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және әрбір қабылданған шешімнің салдарын түсіну.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1283066?lang=ru