Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың жұмыс істеу қағидалары жаңартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қызметін реттейтін жаңа қағидалар күшіне енді. Қазіргі уақытта өңірлердегі комиссиялар жаңартылған форматта жұмыс істеуде. Құжат 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 30 наурызда қабылданды.

 

2026 жылдың ағымдағы кезеңіндегі жағдай бойынша Қамысты ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 34 отырысы өткізіліп, онда кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне қатысты 16 материал қаралды. Комиссия қабылдаған барлық шешімдер бақылауға алынған және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыздықтың алдын алуға бағытталған.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде 4 кәмелетке толмаған, мектепішілік есеpte 6 кәмелетке толмаған тұр. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және ұстау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 8 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Полиция бөлімімен, білім бөлімімен, денсаулық сақтау ұйымдарымен және басқа да профилактика субъектілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, құқық бұзушылықтардың, буллингтің, кибербуллингтің, суицидтік мінез-құлықтың, алкоголь өнімдері мен есірткі құралдарын тұтынудың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер, дәрістер, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары және өзге de іс-шаралар өткізіледі.

Қамысты ауданының аумағында есепті кезеңде жасөспірімдер қылмыстылығы тіркелген жоқ. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар да тіркелген жоқ.

Жұмыстың негізгі бағыттары қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандармен ведомствоаралық профилактикалық жұмысты жүргізу, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып қала береді.

 

Қамысты ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1282983?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді