«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі 18-21 тамыз аралығында республика көлемінде өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.

Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауына тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 22 сотталғанның жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны анықталды. Оның ішінде белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмаған және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар бар.

Анықталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, сотталғандарға жазбаша ескертулер жарияланды.

Сонымен қатар, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа 5 ұсыныс жолданды.

Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, пробация есебіндегі тұлғаларға бақылауды күшейту және олардың белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1282821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді