
2026 жылдың 12-тамызы күні, Павлодар қаласының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Павлодар қаласының Мансап орталығы» ғимаратында азаматтарға құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға сот актілерін орындау мәселелері, атқарушылық іс жүргізу тәртібі, сондай-ақ мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың негіздері мен тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ азаматтардың сот орындаушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1283263?lang=ru

Жауап қалдыру