Құрметті жітіқаралықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жітіқара қаласының күні – осында туып-өскен, өмір сүріп, еңбек етіп, тағдырын туған жерімен тоғыстырған барша жандар үшін айрықша мәні бар мереке. Бұл – қаламыздың тарихына көз жүгіртіп, оның қалыптасуы мен өркендеуіне өз еңбегімен үлес қосқан азаматтардың өнегелі жолын дәріптейтін тағылымды күн.      

Биыл Жітіқара қаласының құрылғанына 87 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде қаламыз талай белесті еңсеріп, заман талабына сай жаңарып, өркендей отырып, өзінің қалыптасқан дәстүрі мен қайталанбас  болмысын сақтап келеді. Оның басты байлығы – туған жеріне жанашырлықпен қарап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген отансүйгіш, бастамашыл азаматтар.     

Биыл біздің өңіріміз үшін де мерейлі жыл – Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бұл – аймақтың бай тарихын, қол жеткізген жетістіктерін және туған өлкенің өсіп-өркендеуіне бірнеше буын өкілдерінің қосқан өлшеусіз үлесін айшықтайтын маңызды белес.    

2026 жыл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Ол қоғамдық диалогты дамытуға, ел үшін өзекті мәселелерді талқылауға және Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Бұл үрдістердің өзегінде бейбітшілік пен келісім, қоғамдық бірлік және азаматтық жауапкершілік секілді құндылықтар жатыр. Аталған қағидаттар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында өз көрінісін тапты.

 Қаламыздың жыл сайын көркейіп, жаңарып, тұрғындары үшін жайлы да құтты мекен ретінде өркендей беруіне тілектеспін. Барша жітіқаралықтарға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, молшылық тілеймін. Әр шаңырақта жылулық пен қуаныш орнасын. Туған қаламыздың өзіндік дара болмысы сақталып, оның жарқын келешегі бүгінгі және келер ұрпақтың ортақ игілігіне айнала берсін.          

 

                    Жітіқара ауданының

                                  әкімі                                                                     А.Жаныспаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1282762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді