
Комитеттің Әкімшілік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Айгүл Тілесова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Құрметті төсбелгі мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқаны, оның рөлін арттыруға және қолдану мәдениетін нығайтуға қосқан үлесі үшін табысталады.
Бұл марапат – оның мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған көп жылғы еңбегінің, кәсіби жауапкершілігінің және жеке үлесінің лайықты бағасы.
Комитет Айгүл Тілесованы лайықты марапатымен құттықтап, алдағы кәсіби қызметіне толағай табыс, жаңа жетістіктер тілейді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1282899?lang=ru

Жауап қалдыру