
Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндірушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында артериялық гипертензияның алдын алу, есірткі, темекі және алкогольдің зияны, суицидтік мінез-құлық пен лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды. Мамандар дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану, психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы айтып, қызметкерлерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері көтерілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1282483?lang=ru

Жауап қалдыру