
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 27 тамыз күні «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Іс- шара барысында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылғаны, Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалғаны, бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болғаны айтылды.
Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мемлекетті дамытуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Оқырмандар Ата Заң туралы өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1282713?lang=kk

Жауап қалдыру