
Құтқарушылар тұрғын үйлерді аралап, пешпен жылыту жүйелерінің қауіпсіздігін тексеріп, өрт пен улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ТЖД қызметкерлері жылыту маусымына байланысты тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жұмыстарын бастады.
Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газдан улану жағдайларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік талаптарына жауапкершілігін арттыру.
Жылыту маусымының басталуымен тұрғын үй секторында өрт шығу және улы газдан улану қаупі арта түседі. Осыған байланысты құтқарушылар аудан елді мекендеріндегі тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударуда.
Профилактикалық жұмыстар барысында мамандар пешпен жылытылатын үйлердің жағдайын тексеріп, пештерді пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау, жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігін түсіндіруде.
Сонымен қатар тұрғындарға улы газдан уланудың алғашқы белгілері мен төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылуда.
Құтқарушылар азаматтарға пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, ақаулы жылыту құрылғыларын қолданбауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Профилактикалық акция аясында аудан аумағындағы елді мекендерді барынша толық қамту жоспарланған. Үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1283175?lang=ru

Жауап қалдыру