
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілуде.
Биыл бюджет қаражаты есебінен ауылда жаңа балалар ойын алаңы мен воркаут-алаң салынып, пайдалануға берілді.
«Енді мұнда достарымызбен түгел келіп ойнаймыз», – дейді ойын алаңына қуана келген балақайлар.
Бұл – ауылдағы абаттандыру жұмыстарының бір ғана бағыты. Жыл соңына дейін ауылдық округ аумағында тұрғындардың, әсіресе балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін тағы бірнеше ойын алаңын салу жоспарланып отыр.
Ауылдың қоғамдық көлік инфрақұрылымы да жаңаруда. Биыл Шеңгелдіде 14 жаңа аялдама орнатылды. Алдағы уақытта тағы 5 аялдама салу көзделген.
Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жалғасады. 2026 жылы ауылдағы жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1282866?lang=ru

Жауап қалдыру