
Шыны ыдыстағы сыраға цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап міндетті
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Осы күннен кейін өндірілген немесе әкелінген өнімде Data Matrix таңбалау коды болуы тиіс.
Сыраны таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі:
— 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтердегі өнімдер үшін;
— 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – шыны бөтелкелердегі өнімдер үшін;
— 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – темір банкілердегі өнімдер үшін.
Бұдан әрі өнімнің толық қадағалануы қамтамасыз етіледі. Бұл өнімді айналымға қатысушылар арасында беру кезінде құжаттарды электрондық түрде ресімдеу және растауды көздейді.
Айналымға қатысушылар Цифрлық сәйкестендіру құралдарын (ЦС МПТ) басқару жүйесінде tanba.markirovka.kz порталында тіркеліп, тауар карточкаларын тіркеуді бастауы қажет.
Таңбалау кодтарын уақтылы алу үшін тіркеуді алдын ала аяқтау ұсынылады.
Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра және сыра сусындарының қалдықтары белгіленген тізбеге сәйкес бір күнтізбелік жыл ішінде өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1283160?lang=ru

Жауап қалдыру