
Петропавл қаласында «ARLAN» спорт клубының базасында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан іріктеу жарысы өтті. Оған облыстық полиция департаментінің, Петропавл қаласы полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімдерінің командалары — барлығы 150-ге жуық қызметкер қатысты.
Жарысты СҚО ПД арнайы және кәсіби даярлық басқармасы мен «ARLAN» спорт клубы ұйымдастырды.
Жарыстың басты тосынсыйы — Шал ақын ауданы командасының жартылай финалға шығуы. Команда көп жылдардан бері алғаш рет осындай нәтижеге қол жеткізіп, жігері мен нағыз командалық бірлігін көрсетті.
Петропавл қаласы полиция басқармасының командасы үшінші орын алды. Айыртау ауданының полицейлері күміс жүлдеге ие болды. Жарыстың жеңімпазы — СҚО ПД аппаратының командасы.
Жарыстың үздік шабуылшысы — СҚО ПД қызметкері Сергей Разумов, үздік қорғаушы — Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкері Кирилл Коломиец, үздік қақпашы — Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкері Ренат Назар.
Жарыс жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысының атынан 16–18 қыркүйек күндері Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионатына қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1283227?lang=ru

Жауап қалдыру