“Таза ауыл-Таза Қазақстан”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек, өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес, бұл – біздің өмір салтымыз екенін атап өткен болатын.

Осы орайда, 2026 жылы Қайыңды ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қайыңды ауылдық округінде барлығы 68 аула бар. Оның ішінде 65 аулада тұрғындар тұрақты тұрады, 3 аула бос.

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауылдық округ аумағында жеке кәсіакерлер мен шаруа қожалықтарының қатысуымен сенбілік жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып отырады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қолдауымен  бос тұрған, апатты үйлер сүріліп, 375 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды.

Сонымен қатар  сәуір-тамыз айларында 5000 тонна рұқсат етілмеген қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Аталған жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге және елді мекеннің көркін абаттандыруға бағытталды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық ахуалды жақсарту, тұрғындар санасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында нақты әрі тиімді қадамдар жасалуда. Бұл бастамаларды алдағы уақытта да жалғастырып, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу біздің міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-kaiyndy/press/news/details/1283130?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді