
Маңғыстау облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған екі жүргізуші анықталды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Жол қауіпсіздігі — әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!
https://www.instagram.com/reel/Dcl6hoptin3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283038?lang=ru

Жауап қалдыру