ТҮРКІСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, жергілікті бюджет кірістерін арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті күшейту және рейтингтік индикаторлардың орындалу барысы қаралды.
Жиында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы мен экономика және қаржы бөлімінің баяндамалары тыңдалып, бюджет кірістерін ұлғайту және негізгі көрсеткіштерді жыл соңына дейін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторында оң динамика қалыптасқан. Қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 128,7%, өңдеу өнеркәсібінде 132,5%, бөлшек сауда көлемінде 133,3%, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 124,9% болды.
Қала экономикасына инвестиция тарту жұмыстары да қарқын алған. Жеті айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 190,8 млрд теңгені құрады.
Түркістанның туристік әлеуеті де жоғары қарқынмен артып келеді. Жыл басынан бері туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 39 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 160%-ға өскен. І тоқсанда ішкі туристер саны 37 715 адамды құраса, ІІ тоқсанда шетелдік туристер саны 15 167 адамға жетіп, өсім тіркелген.
Әлеуметтік бағытта да оң нәтижелер бар. Жеке инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жыл басынан бері 1 700 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, биыл 919 отбасыны, яғни қала халқының 2,2%-ын құрады.
Әзімбек Пазылбекұлы мәжіліс соңында бюджеттің кіріс бөлігін одан әрі ұлғайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1283266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді