Жамбыл облысында электросамокатқа қатысты 27 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында электросамокатқа қатысты 27 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

🛴Жамбыл облысында бір тәулік ішінде электросамокат жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзған 27 дерегі анықталды. 12 электросамокат арнайы айып тұрағына қойылды.

✅25 тамыздан бастап Қазақстанда электросамокаттардың қозғалысына қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Оған сәйкес, электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында жүруге тыйым салынады. Велосипед жолы немесе велосипед жолағы болған жағдайда, қозғалыс солар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай инфрақұрылым болмаған жағдайда, жол жүрісі қағидаларына сәйкес, жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.

📌Электросамокатпен жолдың жүріс бөлігіне 18 жасқа толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және қорғаныш дулығасы бар азаматтарға ғана шығуға рұқсат етіледі.

🛵Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен кезде электросамокат, велосипед және мопед жүргізушілері көліктен түсіп, оны жаяу жетектеп өтуге міндетті.

💭Жаңа талаптардың мақсаты – электросамокат жүргізушілерінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция тарапынан түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Азаматтарды белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Ерген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1283211?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді