
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи кезеңнің бастауына куә болып отырмыз. Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – мемлекетіміздің жаңару жолындағы маңызды белесі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.
Білім саласының өкілі әрі мемлекеттік қызметкер ретінде Конституцияның басты қағидаттары ең алдымен жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, әділдікке адалдық, елге қызмет ету жауапкершілігі мен азаматтық сананы қалыптастыруға қызмет етуі тиіс деп есептеймін.
Түркістан облысының білім беру ұйымдарында біз тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, Ата Заңды құрметтейтін, ел тағдырына бейжай қарамайтын, еңбекқор әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеуді басты міндетіміз деп білеміз. Себебі Әділетті Қазақстанның іргесін бүгінгі білімді, парасатты, жауапты жастар қалайды.
Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық құжат емес, ол – еліміздің болашағына деген ортақ сенімнің, бірліктің және жаңаруға деген ұмтылыстың айқын көрінісі.
Баршаңызды еліміз үшін маңызды тарихи күнмен құттықтаймын! Ата Заңымыздың мәртебесі әрдайым биік болып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына қызмет ете берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1282789?lang=kk

Жауап қалдыру