
Дені сау ата-аналардан туылатын нәрестелердің басым көпшілігі микроағзаларға толы қоршаған ортаға қатысты «бактериологиялық» тұрғыда стерильді және «иммунологиялық» тұрғыда жетілмеген болып туылады. Бала туылғанға дейін ананың иммундық жүйесіне екі есе жүктеме түседі, яғни ана мен балада тұтас бір иммундық жүйе болады, оларды бөлек қарастыруға болмайды.
Жаңа туған нәрестелердің белгілері бар іріңді-септикалық ауруларға мыналар жатады:
– везикулопустулез – терідегі іріңді бөртпелер;
– омфалит – іштің қабынуы;
– флегмона – тері астындағы тіндердің қабынуы;
– эпидемиялық күлдіреуік – теріде көптеген іріңді түзілімдер пайда болады;
– конъюнктивит – көз инфекциясы
Жайылған формаларға сепсис жатады, онда инфекция бүкіл денеге қан ағымымен жүріп таралады. Көбінесе сепсис фурункул, флегмона, абсцесс және басқа аурулар сияқты әртүрлі жергілікті қабынулардан пайда болады.
Туылу кезінде жарақат алған, салмағы аз балалар, сондай-ақ шала туылған нәрестелер аурушаң келеді.
Жаңа туылған нәрестелердегі іріңді-септикалық инфекциялардың қоздырғыштары ретінде алтын немесе эпидермальды стафилококктар, стрептококктар, клебсиелла, көкіріңді таяқша. этеробактер және басқа да микроағзалар болуы мүмкін.
Инфекция жаңа туған нәрестеге күтім жасайтын адамдармен (әдетте қолдар арқылы), қоршаған ортадағы инфекцияның тәуелсіз көзімен (жабдықпен, қоректік қоспалармен, инфузиялық ерітінділермен, сілекей тамшыларымен ауа тамшы жолы арқылы) байланыс жасау кезінде жұғуы мүмкін.
Жаңа туған нәрестелердегі іріңді-септикалық аурулардың алдын алу аса маңызды, яғни:
- кеудеге ерте салу, емізу;
- баланың анасымен бірге болуы;
- жаңа туған нәрестенің медициналық персоналмен қарым-қатынас жасау жиілігін азайту;
- перзентханадан уақтылы шығару, содан кейін жаңа туған нәресте мен ананың белсенді патронажы;
- қолды жуу ережелерін мүлтіксіз сақтау, жеке гигиенаны сақтау (бала күтімі кезінде ананың тырнақтары қысқа алынуы тиіс);
- жүктілікке және оны жоспарлауға уақтылы дайындық;
- стационарда стерильді медициналық құралдарды қолдану, сыртқы орта объектілерін дезинфекциялау, ауаны кварцтау, медицина қызметкерлерінің қолын антисептиктермен өңдеу;
- санитарлық білімді арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1282753?lang=ru

Жауап қалдыру