Жарқайың ауданында «Бизнестен 100 игі іс» акциясы аясында кәсіпкерлер мектеп оқушыларына қолдау көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жарқайың ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» әлеуметтік акциясын өткізуде.

Бастаманың мақсаты – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу және аудан тұрғындарына атаулы көмек көрсету үшін мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру.

Акцияның басым бағыттарының бірі – балаларды қолдау және олардың білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасау.

Бастамаға ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері белсенді түрде қолдау білдірді. 29 кәсіпкер Жарқайың ауданының сегіз ауылдық мектебіндегі 5–11 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 11 млн теңге бөлді.

Көрсетілген қолдаудың арқасында ауылдық елді мекендердегі мектеп оқушылары толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл балалардың денсаулығын сақтауға және олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Аталған көмектің мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі болғаны ерекше маңызға ие. Аудан кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар мәселелерден шет қалмай, ауданның дамуына және өскелең ұрпақты қолдауға өз үлестерін қосуға дайын екендерін іс жүзінде көрсетті.

Жарқайың ауданының прокуратурасы бастаманы қолдаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерге алғысын білдіреді. Олардың қосқан үлесі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі әрі Жарқайың ауданы балалары үшін лайықты жағдай жасауға бағытталған нақты қолдау.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді