ЖАСТАР ҮНІ: ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР» 31 тамыз күні Көктерек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі қызметкерлері мен жастар нұсқаушысы Б. Жармұхамбеттің ұйымдастыруымен «Жастар үні: Жаңа идеялар мен жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖАСТАР ҮНІ: ЖАҢА ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР»
31 тамыз күні Көктерек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет үйі қызметкерлері мен жастар нұсқаушысы Б. Жармұхамбеттің ұйымдастыруымен «Жастар үні: Жаңа идеялар мен жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың белсенділігін арттыру, олардың тың идеялары мен бастамаларын қолдау, жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағыт-бағдар беру.
Дөңгелек үстел барысында жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ауыл жастарына арналған жаңа жобалар мен бастамалар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу форматында өткен шара қатысушыларға жаңа идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді.
Жастардың үні – болашақтың жарқын бастамасы!
Әрбір жақсы идея – үлкен жобаның бастауы! 🌟

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1282881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді