ЖЫЛЫОЙДА «АРАЛТӨБЕ ҚОРҒАНЫ» АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылыой ауданындағы тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асып, көне тарихтың куәсі болған «Аралтөбе қорғаны» ашық аспан астындағы музейінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Қаражанов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов, аудан әкімдігінің басшылығы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ардагерлер, сала мамандары, волонтерлер мен имамдар қатысты.

Аралтөбе – ежелгі дәуірден сыр шертетін, тарихи-археологиялық маңызы зор қасиетті мекен. 1999 жылы мұнда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Қазақстан Республикасының II «Алтын адамы» табылған болатын.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Ж.Қаражанов құттықтау сөз сөйлеп, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі өз сөзінде 1999 жылғы археологиялық экспедицияға жетекшілік еткен көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашевтің еңбегін атап өтіп, сондай-ақ музейдің ішкі көркемдік жұмыстарын жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы гиперреалист мүсінші Айдос Әкімғалиұлына және жобаға атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Қайта түлеген «Алтын адам» экспозициясы – Жылыойдың тарихи мұрасын кеңінен танытып, тұрғындар мен қонақтарға көне дәуірдің құнды мұраларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін маңызды туристік әрі танымдық орынға айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1283186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді