«100 игі іс»: Степногорскіде бизнес өкілдері балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласының прокуратурасы әкімдікпен және кәсіпкерлермен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» қайырымдылық акциясын өткізді

Степногорск қаласының прокуратурасы әкімдікпен және қала кәсіпкерлерімен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға көмек көрсетті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен өзге де қажетті заттар табысталды.

Акцияның мақсаты – көмекке мұқтаж балалар мен отбасыларды қолдау, сондай-ақ оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

Осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, көмекке мұқтаж отбасыларға атаулы қолдау көрсетуге және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1283768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді