Абай облысының 2026 жылғы қаңтар – шілде айларындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіпте 2 005,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 102,0%. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 472,8 млрд. теңге немесе нақты көлем индексі – 102,7%.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,8% өсіммен 213,4 млрд. теңгені құрады.

Облыс экономикасына 282,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі – 116,1%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 154,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 123,1%.

Ішкі сауда көлемі 622,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 105,3%.

Жыл басынан 107,2% өсіммен, 138,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көлік қызметтерінің көлемі 136,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 115,8%.

Байланыс қызметтерінің көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 101,5%.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ekonomika/press/news/details/1283274?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді