Алматы прокуратурасы «Наркограффитиге жол жоқ» жобасын жүзеге асыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының прокуратурасы тиісті жазулар мен жарнамалар арқылы есірткі құралдарының заңсыз таралуының жолын кесуге бағытталған «Наркограффитиге жол жоқ» жобасын іске асыруда.

 

Практика наркограффитиді жай бояп қою – тиісті нәтиже бермейтінін көрсетті, себебі мұндай жазбалар сол жерлерде қайта пайда болуда.

 

Мәселен, соңғы екі жылда жүйелi түрде наркограффити түсiрiлген бес жерді, құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдар 100-ден астам рет бояған.

 

Наркограффитидің қайталануын болдырмау мақсатында прокуратура кәсіпкерлермен бірлесіп, аталған учаскелерде бейнебақылау камераларын орнатты.

 

Камералар орнатылғаннан кейін осы жерлерде наркограффитиді қайталап боялу фактілері тіркелмеген, бұл осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу құралы ретінде бейнебақылаудың тиімділігін растайды.

 

Қала прокуратурасы есірткі құралдарын заңсыз жарнамалағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтың қарастырылғанын ескертеді.

Алматы қаласының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1283788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді