Алматы қаласы әкімінің орынбасарының төрағалығымен «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік комиссия отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комиссия отырысында «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері» және «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша I, II және III орындар белгіленіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар қатарында көп жылдық еңбек тәжірибесімен танылған еңбек әулеттері, өндірісте жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас мамандар және өз ісінің тәжірибелі тәлімгерлері бар. «Еңбек жолы» конкурсы — еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдауға, олардың кәсіби жетістіктерін көпшілікке танытуға және еңбек құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды жоба.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1283710?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді