Алматыда 210 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж қала тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.

«Алтынай» тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйді бөлудің екінші кезеңі аясында тамыз айының соңына дейін 210 отбасы баспаналы болады.

Сонымен қатар Жас Қанат және Қалқаман шағынаудандарында 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде оның 17-сінің құрылысы аяқталды: 7 үй Қалқаман-2 шағынауданында, 10 үй Жас Қанатта орналасқан. Бұл үйлерде жалпы ауданы 74 467 шаршы метр болатын 1 366 пәтер бар. Қазір техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жас Қанат шағынауданындағы қалған 12 үйде 880 пәтер қарастырылған. Олардың жалпы ауданы – 40 237 шаршы метр. Құрылысты 2027 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамту үшін дайын пәтерлерді сатып алу бағдарламасы жалғасуда. Бағдарлама аясында барлығы 6 353 пәтер сатып алу көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1283423?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді