
Ақтау қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді.
Күндізгі уақытта «Ана мен бала» орталығында оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өрт туындаған жағдайда нысандағы адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, қызметкерлердің іс-қимылын ұйымдастыру және жедел қызметтердің өзара бірлескен әрекеті пысықталды.
Ал түнгі уақытта Ақтау қаласындағы «PRESIDENT» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Жаттығу барысында көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан кездегі жедел әрекет ету алгоритмі, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау, шартты зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында мамандардың кәсіби дайындығы, жедел әрекет ету қабілеті және төтенше жағдай кезінде өзара іс-қимылы пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайларға қызметтердің дайындығын арттырып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған іс-қимылдарды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1283672?lang=ru

Жауап қалдыру