Ақтөбе облысында алғашқы қоңырау соғылды: жаңа оқу жылын 194 мың оқушы бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласындағы №24 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков қатысып, ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

– Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өңіріміздегі барлық мектеп оқушылар үшін өз есігін айқара ашып, білім алуға жаңа мүмкіндік беріп отыр. Білім – елдің адами капиталын қалыптастыратын, қоғамның дамуы мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты фактор. Сондықтан әр баланың сапалы білім алып, өз қабілетін толық ашуына жағдай жасау – ортақ міндетіміз, – деді Досжан Әлібеков.

Биыл Ақтөбе облысындағы 449 мектепте 194 мың оқушы білім алады. Оның ішінде 20 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды.

Өңірде балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және мектеп инфрақұрылымын жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жаңа оқу жылына орай жалпы сыйымдылығы 3 160 орын болатын 7 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста 14 заманауи мектеп іске қосылды. Жаңа білім беру нысандары заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1283613?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді