
Ауыл әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, оның ішінде малдарды таңбалау және чиптеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің маңыздылығы, оны жүргізу тәртібі және мал иелерінің міндеттері түсіндірілді. Бірдейлендіру барысында жануарға жеке нөмір беріліп, ол туралы мәліметтер электрондық дерекқорға енгізіледі. Сонымен қатар, мал төлдерін белгіленген мерзімде бірдейлендіру қажеттігі айтылды. Ауыл тұрғындарына мал басының есебін уақытылы жүргізіп, тиісті ветеринариялық рәсімдерді сақтаудың маңыздылығы ескертілді. Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты қажетті түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1283355?lang=ru

Жауап қалдыру