АЯГӨЗ АУДАНЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Бүгін Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиындары өтті.

  Жаңа оқу жылы – білім мен ізденіске, жаңа жетістіктер мен биік мақсаттарға бастайтын ерекше кезең. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек.

  Биыл Аягөз ауданында 1094 бала 1-сыныпқа қабылданып, мектеп өміріне алғашқы қадамдарын жасады. Кеше ғана балабақшада жүрген бүлдіршіндер бүгін білім ордасының есігін ашып, қолдарына алғаш рет оқулық ұстап, ұстаздарымен қауышты.

  Салтанатты жиындарда білім алушыларға ақ жол тілектері айтылып, ұстаздарға шығармашылық табыс, ал ата-аналарға ұрпағының жетістігін көру бақытын тіледі.

Құрметті оқушылар!

  Жаңа оқу жылында білімге деген қызығушылықтарыңыз артып, әрбір күндеріңіз жаңа жетістіктерге толы болсын! Алғашқы қоңыраудың үні сіздерді үлкен армандар мен жарқын болашаққа бастасын!

🌟 1094 бүлдіршіннің мектептегі алғашқы қадамы құтты болсын!

  Жаңа оқу жылы барша білім беру саласының қызметкерлеріне, оқушылар мен ата-аналарға сәттілік, толағай табыс және жарқын жеңістер әкелсін!

  Мереке құтты болсын!
Жаңа оқу жылына мол табыс тілейміз!

#АягөзАуданы #АягөзБілімі #АлғашқыҚоңырау #БілімКүні #ЖаңаОқуЖылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1283687?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді