БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІ ЖАҢА СТРИТ-АРТ НЫСАНЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Байқоңыр ауданының сәулеттік келбеті тағы бір ерекше стрит-арт нысанымен толықты. Таха Хусейн көшесі, 2/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне жылылық пен мейірім сыйлайтын жаңа мурал салынды.

Композиция орталығында қолына бутерброд ұстаған тоқ, көңілді де сүйкімді мысық бейнеленген. Өзіндік дизайнымен әрі позитивті мазмұнымен ерекшеленетін бұл өнер туындысы қала тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден өзіне аударып, аула ішіне жайлы атмосфера сыйлауда.

Бүгінде муралдар тек сәндік элемент қана емес, қаланың заманауи мәдени келбетін қалыптастыратын маңызды арт-нысандарға айналып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1283287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді