
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес, 2026 жылдың мамыр айынан бастап білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта жүргізілуде.
Осы Заңға сәйкес Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілді.
Жаңа форматта жүргізіліп жатқан мемлекеттік аттестаттаудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ:
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы ұсынған өзін-өзі бағалау қорытындысы мен құжаттары, Ұлттық білім беру деректер қорындағы, сондай-ақ білім беру ұйымдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформалардағы мәліметтер негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресми интернет-ресурстарындағы ақпараттар да ескеріледі.
Мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымының білім беру қызметінде МЖМБС талаптарын орындауда сәйкессіздіктер анықталса немесе қажетті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, тиісті хаттама жасалады.
Хаттама негізінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей білім беру ұйымына хабарлама хат жолданады.
Білім беру ұйымы хабарлама хатты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны Департаментке жолдайды.
Іс-шаралар жоспарында сәйкессіздіктерді жою мерзімі көрсетіледі. Бұл мерзім 3 айдан аспауға тиіс.
Білім беру ұйымы анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттар мен материалдарды ұсынғаннан кейін, аттестаттау комиссиясы 10 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына барып, мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді.
Бару арқылы жүргізілген мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымында анықталған МЖМБС талаптарындағы сәйкессіздіктер толық жойылған жағдайда, білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп танылады.
Ал МЖМБС талаптарын орындаудағы сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда, білім беру ұйымы МЖМБС талаптарына сәйкес емес деп танылады.
Мұндай жағдайда білім беру ұйымына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіледі.
Профилактикалық бақылау жүргізу барысында МЖМБС талаптарын орындауда бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, білім беру ұйымы келесі күнтізбелік жылдың Тізбесіне енгізіледі.
Жаңа форматтағы мемлекеттік аттестаттаудың басты мақсаты – білім беру ұйымдарының МЖМБС талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жоюға мүмкіндік беру және білім беру сапасын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1283846?lang=ru

Жауап қалдыру