Білім күні: Мұнайлы полициясы оқушыларға қауіпсіздік туралы үндеу жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 қыркүйек – Білім күніне орай Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Баржиков оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Құттықтау барысында полиция бөлімінің бастығы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына жол бермеу полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Балалардың қауіпсіз ортада білім алып, өз армандарына нық қадам басуы – баршамызға ортақ міндет. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында полиция қызметкерлері алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізетін болады», – деді Н. Баржиков.

Сонымен қатар ол оқушыларды оқу тәртібін сақтауға, жол қозғалысы ережелерін орындауға және қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Полиция бөлімінің бастығы жаңа оқу жылында оқушыларға зор денсаулық, толағай табыс, жақсы көңіл-күй мен жарқын жетістіктер тіледі.

«Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәтті болсын!» – деді ол.

https://www.instagram.com/reel/Dcu-hywKYgs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283698?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді