Білім мен қауіпсіздік қатар: елорда мектептерінде жаңа оқу жылы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бүгін елордадағы мыңдаған оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылына жол ашылды. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды.

     Білім күні Астана қаласы полиция департаментінің басшылық құрамы елордалық мектептерге барып, ұстаздармен, оқушылармен және ата-аналармен бірге жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шараларға қатысты.

     Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев №60 мектеп-лицейге барды. Мұнда жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

     Іс-шара барысында елордалық полиция басшысы “Жас сақшы” сыныбының оқушыларымен кездесіп, олардың полиция қызметіне деген қызығушылығына назар аударды. Жасөспірімдер бұл бағытта білімдерін жетілдіріп, құқықтық сауаттылықтарын арттыруда.

     Марат Төлебаев бірінші сынып оқушыларына да ерекше көңіл бөліп, балаларды Білім күнімен құттықтады. Оларға білімге деген құштарлық, оқудағы жетістіктер, жаңа достар және жарқын мектеп жылдарын тіледі.

     Жаңа оқу жылы бойы полиция қызметкерлері елорданың білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысты жалғастырады. Мектептерде балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған профилактикалық кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1283962?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді