Мемлекет басшысы құқықтық мәдениетті мектеп қабырғасынан бастап қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Алматы қаласының прокуратурасы смартфондар арқылы профилактикалық жұмыстың жаңа тәсілін енгізді.
«Bilim class» мобильдік қосымшасына (электрондық күнделік) тәрбиелік мәні бар түрлі танымдық суреттер орналастырылды.
Енді электрондық күнделікке әр кірген сайын интерактивті карточкалар автоматты түрде көрсетіледі.
Осылайша, «PBIS» қағидаты (жүйелі түрде қайталауға негізделген америкалық модель) іске асырылуда.
Шетелдік зерттеулер PBIS әдісін қолдану жасөспірімдер қылмыстылығын 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1283597?lang=ru

Жауап қалдыру