
13 тамызда Екібастұз қаласындағы «Кеншілер» саябағында қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекиннің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.
Қабылдауға 22 қала тұрғыны жүгінді. Негізгі мәселелер абаттандыруға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту аясындағы жобаларды іске асыруға, сондай-ақ басқа да тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.
Кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың өтініштерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша одан әрі атқарылатын жұмыстарды белгіледі.
«Барлық мәселе қабылданып, бақылауға алынды және тиісті бейінді қызметтерге бекітілді. Барлық мәселенің толық шешілуі менің жеке бақылауымда болады», — деді Аян Бейсекин.
Азаматтарды ашық қабылдау және тұрғындармен тікелей диалог орнату Екібастұзда қалыптасқан тұрақты тәжірибеге айналды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1283544?lang=ru

Жауап қалдыру